Жыл басынан бері өңірде 9 еңбек дауы тіркелді. Жауапты өкілдердің айтуынша, қазір бұл істерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал былтыр жұмыс 8 еңбек дауы тіркелді. Оның 7і белгіленген талаптарды сақтамай бірден ереуілге ұласқан. Нәтижесінде 6 ереуіл заңсыз деп танылып, 40-қа жуық қызметкермен еңбек шарты бұзылды. Даудың басты себебі жалақы мен еңбек қауіпсіздігі мәселесі екенін айтады құзырлылар.