Ақтауда балаларына алимент төлемеген әкеге бас бостандығынан 1 жылға шектеу жазасы берілді. Ол сот бұйрығын 3 жыл бойы орындамаған. Ал алимент төлеуді ұмытқан тағы 6 борышкер 3 тәулікке қамалған. Ал қалған төрт борышкерге сот қаулысымен айыппұл салынған.