Негізгі Жаңалықтар Газ жарылып, бір адам қайтыс болды

Газ жарылып, бір адам қайтыс болды

Бейнеу ауданында газ жарылып, бір адам мерт болды. Құтқарушылар үйінді астынан бір адамның денесін алып шыққан. Алайда жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізгенмен, тілге келместен көз жұмды. Мамандар оқиға орнынан жасанды жылыту газ қазандығы орнатылғанын анықтады. Қазір жарылыстың себеп-салдары анықталып жатыр.  

Бөлісу