Түпқараған ауданында тағы 25 итбалықтың өлексесі табылды. Айналасы он шақты күннің ішінде Түпқараған ауданына қарасты теңіз жағалауынан 100-ден астам өлген сүтқоректі табылып отыр. Қазір балық шаруашылығы инспекциясының мамандары тағы да мониторинг жасап жатыр.