Маңғыстаулық оқушылар наурыз айында Санкт-Петербург қаласында өткен 14 халықаралық ғылыми-жобалар байқауынан жеңіспен оралды. Білім додасына зияткерлік мектептің 10-сынып оқушылары арнайы қатысып, өз жобаларын қорғап қайтты. Әр елден жиналған білімділер арасынан жерлестеріміз 1-ші және 3-ші орынға ие болды.