"Айрақты" тұрғын үй кешеніндегі жерасты көлік тұрағы қоймаға айналған. Мұндағы заттың көптігі сонша ішіне кіру мүмкін емес - дейді арнамызға шағымданған тұрғындар. Айтуларынша мердігер автотұрақты сатып жіберген. Ал сатып алушы тарап, ол жерді қойма қылып қойған деседі жиналғандар. Енді қома ішіндегі заттар арнайы электр құрылғылармен жабдықталған бөлмеге кедергісін келтіріп тұр.