Негізгі Жаңалықтар Гуманитарлық көмек жинау тоқтатылады

Гуманитарлық көмек жинау тоқтатылады

Облыста гуманитарлық көмек жинау тоқтатылады. Эвакуацияландарға енді барлық көмек мемлекеттік материалдық қордан бөлінеді.  Қазір аймақта гуманитарлық көмекті қабылдайтын 15 пункті бар. Қазір ол жерде халықтан келген соңғы азық-түлік тауарлар таратылып жатыр. Айта кетейік, Маңғыстауға мемлекеттік резервтен 240 тонна азық пен 18 мыңнан астам төсек-орын жабдықтары жеткізілді. Оның ішінде 180 тоннасы бірінші сұрыпты ұн, 4 тонна макарон, 12 тонна қарақұмық жармасы және өзге де тауарлар бар.

Бөлісу