Ақтау әуежайында контрабандалық зергерлік бұйымдарды өткізбек болған азамат ұстылды. Ақтау әуежайындағы халықаралық рейстерге кедендік бақылау жүргізілді. Нәтижесінде  Ыстамбұл-Ақтау рейсімен келген Қазақстан Республикасының тұрғынынан 221 дана көлемінде декларацияланбаған зергерлік бұйымдар табылды.