Жастар мәселесі бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалану.  Бұл облыстық мәслихатының кезекті ХІІ сессиясында көтерілді. Жиында облыстық қаржы басқармасының басшысы өткен жылы өңір бюджеті 317 млрд теңге көлемінде бекітілгенін баяндады. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы шығыстар орындалысы да айтылды. Ол 14,4 млрд теңгені құрады.