7 маусымға арналған ауа-райы болжамымен таныс болыңыздар. Өңірде ертең сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр. Ал, облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. “Қазгидромет” ақпараты бойынша желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Күндіз аймақтың көп бөлігінде + 40 градусқа дейін қатты ыстық болады.  Ақтау қаласы бойынша ертең өрт қаупі жоғары.