Биыл "Арапа" күні 15 маусымға түсіп тұр. Ал 16 маусым - Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Сондықтан 17 маусымда қазақстандықтар жұмыс істейді. Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Еске салайық, осыған дейін алдағы аптаның дүйсенбісінде қосымша демалыс берілетіні туралы хабарланған еді. Алайда, бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мерекенің бір күн бұрын басталатынын растады.