Ақтауда "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" өкілдері маңғыстаулық құрылыс компаниялары, кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы болып табылатын компанияның қолжетімділігі талқыланды. Заң аясында кепілдік беру тетігі арқылы тұрғындардың үлестік салымдарын қорғау мәселесі де көтерілді.