Маңғыстауда балық шаруашылығын дамыту үшін ірі инвесторларды шақыру қолға алынған. Яғни Каспий теңізінде бұрын-соңды болмаған тор қоршамада балық өсіру секілді жобаларды іске асыруды көздейді. Ал Маңғыстаулық көнекөз балықшылар болса аулаған азын-аулақ кефальдары мен майда балықтарын өткізе алмай әлек.