Бүгін облыс әкімі "NCOC" компаниясының басқарушы директоры Джанкарло Руйумен кездесті. Жиында тараптар әріптестікті одан әрі нығайту, ірі мұнай операторының өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру қажетті мамандарды даярлау және оларды оқытуға қолдау көрсету мәселесін талқылады. Сондай-ақ аймақ басшысы Президенттің  экономикаға инвестицияны көбірек тартуға және өңірлерде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға баса көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Кездесуде Нұрдәулет Қилыбай "NCOC" компаниясының басшына өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар ұсынысын жолдады. Яғни, сапалы тауар өндірушілері ретінде өзін дәлелдеген және болашақта сенімді серіктес бола алатын жергілікті компаниялардың қызметіне жүгінуді сұрады.