Облыста жыл басынан бері менингококк инфекциясын 7 адам жұқытырған. Науқастардың барлығы - 14 жасқа дейінгі балалар. Жүргізілген медициналық емге қарамастан олардың біреуі аурудан көз жұмды. 2 науқас балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Ал қалған балалар денсаулығы жақсарып, үйіне жіберілген.