Бүгін Иран Ислам Республикасында президент сайлауының екінші кезеңі өткізіліп жатыр. Өйткені өткен аптадағы сайлауда 4 кандидаттың біреуі де 50 пайыздан жоғары дауыс жинай алмаған. Енді бүгін сол дауыс беру нәтижесі бойынша бірінші және екінші орынға шыққан екі үміткер таққа таласады. Ирандықтар Масуд Пезашкян мен Саид Жалилиге дауыс беріп жатыр. Екі кандидаттың қайсысы көп дауыс жинайтыны ертең белгілі болады. Ирандағы президент сайлауы үшін Астана, Алматы,Ақтау қаласынан үш дауыс беру учаскесі ашылған. Қаламыздағы консулдық ғимаратындағы учаскеге 80-ге жуық  дауыс беруші келген.