Конъюнктивит көбейген
Ақтауда соңғы уақытта конъюнктивитпен ауыратындар қатары артқан. Мамандардың айтуынша, көздің шырышты қабығының қабынуымен байланысты бұл ауру ересектер арасында да, балалар арасында да жиі кездесуде. Қазір көз аруына шалдыққандар санының көбейіп кетуіне байланысты офтальмолог дәрігерлер вируспен күресу жұмыстарын жүргізіп жатыр.