Бейнеу ауылына 18 автобус пайдалануға берілді. Жаңа қоғамдық көліктер ауыл ішінде 6 бағытта қозғалып, тұрғындарды діттеген жеріне жеткізеді. Жолаушылар көлігі қозғалыс кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын толық қамтамасыз ететін заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Әрі халықаралық экологиялық стандарттарға сай жасалған, қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.