Ауыз су бірінші кезекте тұрғындарға берілуі тиіс. Облыс әкімі өңірдегі су тапшылығын жою мақсатында өткізілген жиында осылай деді. Және мәселені шешу жолдары қарастырылды. Қазір өңірге шамамен 40 мың текшеметр су керек. Оның ішінде Ақтау қаласына тәулігіне 20-25 мың м3 тіршілік нәрі жетпейді. Осы бағытта қуаты тәулігіне 147 500 м3 10 су тұшыту зауыты мен қондырғының құрылысы, 1 магистралдық су құбырын қайта жаңарту, кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша жаз мезгілінің соңына дейін өңірді ауыз сумен қамту тәулігіне орташа есеппен 206 300 м3 жетеді деп жоспарланып отыр. Аймақ басшысы облысты тіршілік нәрімен қамтып отырған мекеме басшыларына маңызды жобаларды кідіртпей, уақытылы орындауды тапсырды.