Өңірде «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығу басталды. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның 4 мыңға жуық әскери қызметшісі қатысады. Сондай ақ жаттығу 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылатын болады. Әскери маневрлер «Оймаша» полигоны мен Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз учаскесінде өтеді.