Өңірде облыс прокурорлары 9 мыңнан аса кәсіпкердің құқығын қорғаған. Нәтижесінде олардың пайдасына 1,2 млрд теңге қаражат өндірілді. Бүгінде бизнесті қорғау тетіктерін күшейту, ондағы мәселелерді шешу жолдарын талқылау үшін өңір прокуроры кәсіпкерлермен кездесті. Жиында Президенттің экономиканы ырықтандыру туралы Жарлығының негізгі ережелері түсіндірілді.