"Мен - әйелмін, әлемнің анасымын". Осындай атаумен Ақтауда әйелдерге арналған тегін тренинг өтіп жатыр. Шараға 150-дей түрлі салада қызмет ететін нәзік жандылар мен көпбалалы аналар қатысуға келген. Мотивациялық кездесуде психолог мамандар бизнес бастау, өзіңді дамыту, бала тәрбиесі сияқты бірнеше тақырыпты қозғайды.