Neet санатындағы жастарға мүмкіндік. Олардың медиа сауаттылығын арттырып, жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында Мобилографиядан 3 күндік тегін курс басталды. «Арманда, жоспарла, іске асыр» жобасы аясында өткізіліп жатқан шараға 30 жуық жас қатысып жатыр. Олар ұялы телефонмен видео түсірудің әдіс-тәсілдері мен қыр-сырларын үйренеді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта тегін оқыту курсын графикалық дизайн бойынша өткізбек.