Ақтауда Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның "Алаш заңгерлері" атты кітабының тұсаукесері өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері мен қалың оқырман жиналды. Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары туындының заң саласы қызметкерлері мен ізденушілерге пайдасын тигізетінін тілге тиек етті.