Ақтауда 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Жарыс спорт шеберлері Ербол Әбілгереев пен Нұрбол Садықовты еске алуға арналды. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан сайысқа еліміздің түкпір түкпірінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Солардың бірі - қарақиялық Алихан Сауырбай. 38 келі дәрежесінде сынға тсүіп, жүлделі үшінгі орынды иеленді.