Қызан ауылы сусыз отыр. Облыс орталығынан 300 шақырымда орналасқан елді мекенде 20 күннен бері су жоқ. Ауыл халқы шіліңігір шілдеде тал мен малды былай қойғанда ішерге су таппай қалған. Құбырмен Қиғаштан келіп тұрған су ауылға кестемен беріледі. Араға күн салып келетін су екі-ақ сағат қана ағады. Оның да қысымы төмен деп бүтін бір ауылдың мәселесін арқалап бүгін арнамызға Қызан тұрғыны келді.