Облыс әкімі аудан әкімдеріне мал ауылдарды аралап, шаруалармен байланыс орнатуды тапсырды. «Ауыл шаруашылығы саласын дамыту» мәселелеріне арналған жиында субсидия бөлу, құдық қазу субсидиясы, шалғай жерлерді ұялы байланыспен қамту, шаруа қожалықтарына салынған салық мәселелері көтеріліп, шешу жолдары қарастырылды.