Ақтауда Халықаралық жастар күніне орай «Жастар - жарқын істердің бастаушысы» атты форум өтті. Шарада жас буынның тәрбиесі, техно сауаттылығы, жаһандану жолындағы жастардың рөлі тақырыптарында өз ісінің шеберлері сөз алды. Дінтанушы Кеңшілік Тышханұлы жастарға білімге ұмтылып, ғылымға көңіл бөліп, жан-жақты болу керек десе, ІТ-сарапшы Тимур Бектұр техно сауатты болуы - қоғамның жаңа бағыты екенін айтты.