Облыста 370-ден астам адам банкрот деп танылды. Олардың банк алдындағы қарызы 355 млн теңгені құрайды. Ал өзін банкрот деп тануға 3мыңнан астам адам арыз берген. Бірақ мемлекет барлығын бірдей банкрот деп таныған жоқ. Өйткені құжаттары мен несие тарихы талапқа сай емес. Айта кетейік, заңда рәсімдердің 3-түрі қарастырылған. Олар соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерді қолдануға құқығы бар азаматтардың шеңберін кеңейту мақсатында, заңға өзгерістер енгізіліп, қол қойылды. Түзетулер 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.