«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Біз адамдар - біз біргеміз» атты қайырымдылық қоры әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 300 балаға көмек көрсетті. Осылайша балаларды жаңа оқу жылы алдында әлеуметтік қолдап, қажетті құралдар салынған сөмкелер табыстады. Мұндай сөмкені Ақтауда 200, ал Жаңаөзенде бастауыш сыныпта оқитын 100 оқушыға сыйлады. Қор директоры жылдан жылға акцияның ауқымы кеңейіп, демеушілер қатары артып отырғанын айтады.