Жаңа зауыт салынады
Өңірде аммиак және карбамид тыңайтқыштарын өндіру зауытының құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі «Еsta construction» компаниясының бас директорымен кездесуінде айтылды. Айта кетейік, жоба аймақтағы ауылшаруашылығы саласындағы азық-түлік қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы зор, сондай-ақ, ел экономикасының дамуына да сеп болмақ.
Кездесуде облыс басшысы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.