2024-2025 жылдары жаңадан ашылатын 25 мектепке 2 мыңнан астам  мұғалім қажет. Бұл мәселені шешу үшін, үш ауысымда оқытатын білім ошағындағы оқушылармен 400-ден аса педагог жаңа мектептерге ауыстырылады. Сондай-ақ, 2 258 мұғалім жұмысқа қабылданбақ. Жаңа оқу жылында  әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушыларға берілетін көмек 43 мыңнан, 50 мың теңгеге дейін көбейді. Ал, колледж студенттердің шәкіртақысы 50% -ға артса, 100 мыңнан астам оқушы бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтылады. Ол үшін бюджеттен 8,1 млрд. теңге қаржы қарастырылды. «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілердің қолдауымен 3000-нан астам оқушыға оқу тауарлары, мектеп формасы, қаржылай көмек берілді.