Күз басталысымен адамдағы папиломма вирусына қарсы екпе салына бастайды.Бүгін осы иммундау жұмыстарын пысықтау үшін өңірдегі медициналық ұйым басшылары бас қосты. Иммундау аясында 8500 адамға екпе салуға 17 мың екпе мөлшері сатып алынбақ. Ол үшін 474 млн теңге жұмсалады.
Жалпы Республика бойынша бұл екпе түрі 175 мың жасөспірімге егіледі. Егу 11 жастан басталады. Арасына алты ай салынып егілетін екі кезеңнен тұратын екпе әсіресе қыз балаларға қажет, - дейді мамандар.