Өңірдегі колледж оқытушылары "Қарызсыз қоғам" жобасының үш күндік семинарына қатысты. Себебі мұғалімдер мен студенттер де қаржылық сауаттылықты меңгеруі тиіс. Әсіресе қоғамда дендеп кеткен қаржылық алаяқтықтан сақтану үшін қажетті ақпараттан хабардар болуы керек.
Бүгін де Маңғыстау энергетикалық колледжінде 50 педагогқа арналған кезекті курс өткізілді. Ұстаздарды қарыжылық сауаттылықтан өткізу үшін жеке кәсіпкерлер, банк қызметкерлері, қаржылық коучтар жұмылдырылды.
Жалпы республика бойынша "Қарызсыз қоғам" аясында 450 мың оқушы, 100 мың студент, 7 мың педагог сауаттандырылады.