Ақтауда Семей ядролық сынақ полигонының арнайы қауіпті бөлімшелерінің ардагерлері радиациялық апат құрбандарын еске алып, стеллаға гүл шоқтарын қойды. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстанда полигонды жабу туралы шешім қабылданған болатын. Ядролық полигон  1947 жылы тамызда КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен құрылды. Алғашқы ядролық қару сынағы 1949 жылы 29 тамызда өткізілді. Жалпы, ресми деректерге сәйкес, полигон кесірінен бұрынғы Семей облысының бүкіл аумағы ластанған.  1 миллионнан астам адам әртүрлі дозалық диапазондағы радиация әсеріне ұшыраған. Маңғыстауда сынаққа қатысқан 300-ден астам ардагер тұрады.