Соңғы жылдары елімізде аудан, қала, ауыл әкімдерін халық тікелей сайлайтын болды. Сайлау туралы заңға көптеген өзгерістер енгізілді. Өлкеміздің қара шаңырағы саналатын, өткен жылы ғана 95 жылдығын атап өткен Маңғыстау ауданы үшін биылғы жыл «Сайлау жылы» десе де болғандай.