Ақтауда алғаш рет теңіз жағасында катерлер мен яхталардың шеруі өтті. Оған 10-қа жуық су көлігі қатысты. Қала қонақтары мен тұрғындары теңіз үстінде саяхаттап, көңілді уақыт өткізді. Ұйымдастырушылар келесі жылы шомылу маусымында мұндай шеруді тағы ұйымдастыруды жоспарлап отыр.