Өткен аптадан бері облыстағы автогаз бекеттерінде сұйытылған газ тапшы. Көлік тізгіндегендер  неше күннен бері ұзын-сонар кезекте тұр. Бар шаруасын тастап сағаттап газ күткендердің де еңбегі ақталмай жатыр. Себебі  кезегі жеткенде көгілдір отын таусылып қалады.