Елде жоғары технологиялық құралдарды қолдану арқылы жасалатын кибер қылмыс өршіп тұр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы жылдарда халық телефон алаяқтарына алданып, бірнеше миллиардтаған қаржысынан айрылды. Осыған орай, жолдауда Президент құқық қорғау органдарына нақты тапсырмалар беріп, ұсақ құқық бұзушылықтан, вандализмнен бастап, аса ауыр қылмыстарға дейін пәрменді күрес жүргізуді тапсырды. Сол себепті жоғары оқу орындарының алдында кибер қылмыстарды аша алатын тергеушілер мен кибер қауіпсіздік саласында қызмет атқара алатын мамандарды дайындау міндеті тұр. Осы орайда, Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «IT құқық» мамандығы ашылған. Бүгінде 60 қа жуық студент білім алып жатыр.