«Бейнеу - 2026» тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Бейнеу ауданында резервтегі әскери міндеттілердің «Бейнеу - 2026» тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Он күнге жоспарланған жиынға 27 мен 50 жас аралығындағы 78 азамат қатысып, әскери машықтарын қайта шыңдайды. Жаттығу барысында олар саптық, тактикалық және атыс даярлығынан өтіп, төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету мен маңызды нысандарды қорғау тәсілдерін меңгереді. Қазір Бейнеудегі әріптесім Гүлнұр Сапарова бізбен тікелей байланысқа қосылды. Гүлнұр, сөз өзіңізде.