Аққайың ауданына көшіп барған маңғыстаулық кәсіп ашпақ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданынан Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданына қоныс аударған Сабыр Бегелеков жаңа ортаға бейімделіп, кәсіп бастауға бел буып отыр. Бүгінде ол Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданына қарасты Лесное ауылына көшіп барған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында баспаналы болып, облысаралық қоныс аударуға берілетін қаржылай көмекті де алған. Сабыр Жұмағалиұлы қазір бізбен тікелей байланысқа қосылмақ. Сабыр, бастағалы жатқан ісіңізге сәттілік тілейміз!