«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Биылғы жеңімпаз- Маңғыстау ауданы Қызан ауылының тұрғындары - Мұқырбаевтар отбасы. Мұқырбаев Бұғабай мен Тоғысова Күләш шаруа адамы. Отағасы жылқышы, көпке белгілі сейіс. "Көкмойнақ" командасының атбегісі. Отанасы - үй шаруасында. Түйе сауып, сүтінен құрты мен балқаймағын, жүнінен түрлі бұйым жасайды.