Форт-Шевченкодағы "Жаңа кетік" тұрғын үй массивінде тұратын оқушылар мектепке бару үшін 3 шақырым жерді жаяу жүреді. Сол көшелердің тұрғындары 10 жылдан бері оқушылар үшін автобус қатынасын ұйымдастырып бере алмаған әкімдікке ашулы. "Жаңа кетік" аталатын тұрғын үй массивінің құрылғанына биыл 14 жыл. Осы уақыттан бері бұл жерде не жол, не су, тіпті қатынайтын көлік пен аялдама да жоқ. Бұл ауылда тұратын 100 бала мектепке жаяу қатынайды. Ал мектеп пен үйдің арасындағы қашықтық 4 шақырымнан кем емес.