Ұстаздар қауымы да қарапайым жұмысшылардың мәртебесінің көтерілуін қолдайды. Яғни құрылысшы, малшы, егінші, сушы, теміржолшы, мұнайшы және инженер секілді қатардағы мамандарға тек атақ беріп қоймай, олардың әлеуметтік жағдайы да жақсаруы тиіс дейді. Президен те «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында осы бағытта тапсырма берді. "Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді",-деді президент.