Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс. Бұл мемлекет басшысының халыққа жолдауында атап өткен кезекті бағыт. Сондай-ақ Президент жасанды интеллект технологиясын "Электрондық үкімет" платформасына енгізуді тапсырды. Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкіметтің» өңірлік филиалдары халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында бір қатар жобаны қолға алған.