Бүгін -Қазақстан халқы тілдері күні. Мереке қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Осыған орай "Мемлекеттік тіл-ел тұғыры" атты дөңгелек үстел өтті. Жиында мемлекеттік тілдің мәрбесін көтеру сөз болды. Өйткені кей салаларда іс -қағаздар әлі де болса ресми тілде жүргізіледі. Оны шешу үшін мемлекеттік тұжырымдама да қабылданған. Ол құжатта 13 пункт бар. Ондағы басты бағыт та осы - мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесін арттыру.