Елімізде қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Қоғамдағы мәдениет пен дәстүрдің іргетасы отбасында қаланады. Ұлт ұрпағының әдепті, шыншыл болып өсу жанұяда көрген тәрбиесіне байланысты - дейді Қонақбаевтар әулеті. Бүгін мереке қарсаңында арнаның түсірлім тобы әскери шаңырақта болып қайтты. Қорғаныс саласында абыройлы еңбек етіп, ғұмырын шекары қызметіне арнаған отағасы Нұрлан Қонақбаев бүгінде зейнет демалысында. Десе де, әлі күнге дейін ел дамуына үлесін қосып келеді. Айтуынша, әскери орта отансүйгіштікке, жас ұрпақты еліміздің нағыз патриоты болуға тәрбиелейді.