Маңғыстаулық 20-дан астам жаз сарбаз ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне әскери борышын өтеуге аттанды. Оларды шығарып салу салтанатына әскери басшылық пен ата-аналар қатысты. Бұл күн жиналғандар үшін, әсіресе ұлын мақтанышпен шығарып салған майор Мұңал Ерназаров үшін ерекше. Өйткені, жалғыз ұлы Руслан Ибраш Алматы облысының Қарасай ауданында әскери қызмет етеді.