Қанттан құнды туынды жасайтын шебер
Қарапайым ғана қанттан көздің жауын алатын кристалды композиция жасауға болады. Ал шоколадтан түрлі мүсін дайындау – нағыз шеберлікті қажет ететін өнер. 19 жастағы Мирас Садыков кондитерлік өнерге бес жасынан бастап қызыққан. Бүгінде жас шебер түрлі байқауларда топ жарып, шетелдік жарыстарда да жүлделі орындарға ие болып жүр.