Жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері талқыланды
Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай төрағалық еткен жиында жемқорлықтың алдын алу, қоғамда оған қарсы мәдениет қалыптастыру және мемлекеттік органдар жұмысындағы тәуекелдерді азайту мәселелері қаралды.